Бұрын

Тұңғыштар. Жеңіс жолында.

Ұлы Отан соғысы кезінде ерлігі үшін Кеңес Одағының жоғары дәрежелі марапаттарын алған қазақстандықтар - КСРО Батырлары туралы деректі фильмдер топтамасы. Көптеген батырлардың есімін ел жатқа біледі. Олар: Талғат Бигелдинов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Бауыржан Момышұлы, панфиловшы-батырлар... Олардан бөлек 400 қазақстандықтың есімі КСРО Батырлары тізіміне кіреді. Мәскеуді қорғаған, Ленинград қамалын бұзған, Днепр қорғаныс шебінен өткен, Берлинге шабуыл жасаған жаяу әскер мен атты әскер, ұшқыштар мен зеңбірекшілер, тыңшылар мен мергендер – әрқайсысы Жеңіс жолында аянбады. Көбі Жеңіс жолында өз қанын төкті, өмірін қиды. Қарсыбай Сыпатаев Сталинград түбіндегі шайқаста неміс танкінің астына минамен түсті; Жанғазы Молдағалиев Днепр жағалауында жау дотының ұңғысын кеудесімен жапты; Зиямат Хусанов сатқындық жасады деген айыппен тұтқында болып, кейін әділдік орнап, Батыр жұлдызына ие болды. Осы және басқа да қаһармандарымыз жас қазақстандықтар үшін ұлтжандылық пен қайсарлылықтың нағыз үлгісі болуы қажет.

Жоба «Білім және Мәдениет» арнасының тапсырысы бойынша дайындалды. Эфирге 2015 жылы шықты.

Сталинград

Снайперы

Повторившие подвиг

Партизаны

Оборона Ленинграда

Люди искусства

Кавалеристы

Женщины на войне

Военнопленные