Бұрын

Тұңғыштар

Өз ісінің тұңғышы болған қазақстандықтарға арналған деректі бағдарлама топтамасы. Тұңғыш генерал, тұңғыш сәулетші, тұңғыш биші, тұңғыш актер және т.т.

Жоба «Білім және Мәдениет» арнасының тапсырысы бойынша жасалды.

Қандай да бір іске тұңғыш болып жол салған адамдарға арналған жобаның алғашқы бөлігі эфирге 2014 жылы шықты.

2015 жылы деректі фильм өз жалғасын тапты. Аты «Тұңғыштар. Жеңіс жолында» деп өзгертіліп, Ұлы Отан Соғысы майданында жаумен айқасқан батыр-қазақстандықтардың құрметіне жасалды. Жоба Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналды.