Бұрын

25-шақырым (1 маусым)

MediaZavod компаниясының өнімі, 2012

Жанр: Комедиялық телехикая, 12 бөлім

Ұзақтығы: әр бөлім 35 минут

Эфир уақыты: 2012 жылдың желтоқсаны, «Хабар» телеарнасы

Аудиториясы: 25+

 

1-маусым «25-шақырым» - әзіл әрі махаббатпен әңгімеленген жаңа отбасының пайда болуы туралы хикая.

Оқиға 25-ші шақырымда - қала мен ауыл арасындағы жолдың қақ ортасында орналасқан үйде өрбиді. Бұл үйді сатып алу арқылы жас жұбайлар Лана мен Бек бақытты отбасын құрмақ. Үйленгендеріне жарты жыл болған ерлі-зайыпты қаладағы Лананың ата-анасының үйінде де, ауылдағы Бектің ата-анасының үйінде де «күн астындағы орынды» таба алмады.

Лана мен Бек бір-бірін жақсы көреді, алайда олардың кездесуі тағдырдың қателігіне ұқсайды. Бек ауылда, Лана қалада өскен. Бек боксты, Лана шопингты жақсы көреді.Бек дәмді тамақтанудан бас тартпайды, ал Лананың асүйге ебі жоқ. Қос ғашықтан басқа адамдардың барлығын бұл одақты не ұстап тұрғанын түсінбейді. Бектің ата-анасы – Қарлығаш пен Балтабай – ұлдарына «боялған қуыршақ» емес, жөні түзу әйел керек деп санайды. Ал Лананың ата-анасы – Аида мен Сәкен қыздарын жоқ дегенде олигархқа ұзатамыз деп жоспарлаған еді, үйге «қайдағы бір зоотехник» келді.

Лана мен Бек несие алып, үйді сатып алған кезде, ата-аналар қол қусырып отыра алмаймыз деп шешеді. Бұрынғы колхоз депутаты әрі төрағасы Қарлығаш балалардың жөндеу жұмыстарын жүргізуіне көмектесем деп ұйғарады. Ал бұрынғы кеңестік «Интуристтің» жетекші қызметкері Аида өзінің қатаң бақылауынсыз құдалар жаңа үйді қораға айналдырып жібереді деп қорқады. Бұл әйелдердің күйеулері – механизатор Балтабай мен дәрігер Сәкен – жұбайларының айтқанынан шықпайды. Қысқасы, Лана мен Бек өз үйлерінде тұрады, бірақ алғашқы кезде «көмектесуге» келген ата-аналарының уақыт өте үйлеріне қайтар түрі жоқ. Ол аздай, үйге тіркеліп алудың аз-ақ алдында тұрған сөзшең әрі мазасыз Василий Трофимович те онсыз да тынышы кеткен отбасындағы көп кикілжіңге түрткі болады.

Қала мен дала құдаларының арасындағы алғашқы текетірес үй бөлмелерінің дизайнын таңдауға келгенде басталады – киіз сюрреализм шедевріне, сандық француз ампиріне қарсы. Лана мен Бек үйдің жанынан шағын отбасылық кафе ашпақшы болғанда, ата-аналары өздерінің көмегінсіз ештеңе жасалмайтынына сенімді болады. Қарлығаш пен Аида бірден кімнің кафе директоры, кімнің даяшы болатынын, ас мәзірінде не болатынын – бешбармақ па, әлде равиолла ма - міне, осындай мәселелерді шешуге білек сыбана кірісіп кетеді.

Осылайша жаңа туыстар үйді бірге жөндеп, шарбақты бірге қағып,бірге бақшаны қазып, кафенің жұмысын бірге дөңгелетіп жүргенде ақырындап, күннен-күнге ынтымақтары жарасқан бір отбасына айнала бастайды. Бір-бірін жақынырақ тану уақыты Бек пен Ланаға ғана емес, ата-аналарына да қажет. Олар көп сынақ пен шытырманды бастарынан кешеді. Қарлығаш пен Аида бірлесіп «қауіпті қылмыскерді» ұстайды, «ғажап БАД-тарды» сататын сатушының тұзағына түсіп қалады және үй аруағының бар екенін анықтайды. Ал Сәкен мен Балтабай бірге моншаға барғанмен, полиция қамағынан бір-ақ шығады, жергілікті көлден атышулы «алтын тұқыны» ұстап алады, табиғатқа саяхаттағанда «аңыз аюын» жеңеді.

Актерлер

Жанна Куанышева
Актриса
Газиза Абдинабиева
Актриса
Сакен Ракишев
Актер
Саят Мерекеулы
Актер
Владимир Толоконников
Актер
Сергей Погосян
Актер
Геннадий Балаев
Актер
Роман Альманский
Актер
Айнур Ниязова
Актриса
Ерден Телемисов
Актер
Даурен Акшабаев
Актер
Ирина Ажмухамедова
Актриса
Гюльнара Зиятова
Актриса
Вазген Григорян
Актер
Сергей Червяков
Актер
Эдуард Табишев
Актер
Татьяна Цой
Актриса

ТҮСІРІЛІМ ТОБЫ

Игорь Пискунов
Бас продюсер, режиссер-постановщик
Ольга Корнеева
Сценарист, ресей бағдарламалар редакторы
Эля Гильман
Режиссер-постановщик, автор сценария
Расул Шыбынтай
Актер

1 серия

2 серия

3 серия

4 серия

5 серия

6 серия

9 серия

7 серия

8 серия

10 серия

11 серия

12 серия